Атырауда жылына 30 миллион маска шығаратын өндіріс іске қосылды

669

Атырауда жергілікті компаниялардың бірі бір реттік медициналық бетперделер тіге бастады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырауда жылына 30 миллион маска шығаратын өндіріс іске қосылды

Кәсіпкер Махмут Мералиев пандемияның "бірінші толқынында" өңірде бетперде қажеттілігі байқалғанын айтады. Сондықтан қолжетімді бағаға сатылатын маска жасап шығаруды қолға алған. Үкімет тарапынан қолдау тапқан игі бастаманың алғашқы өнімдері Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығады.

"Қазіргі уақытта - "Доктор Хаус" ЖШС компаниясында 20 жұмысшы қызмет етеді. Бір реттік маскалар тоқылмаған материалдан жасалады. Пайдалану уақыты 2 сағаттан аспайды. Үш­қабатты  ересектерге арналған медициналық бетперделерді жылына 30 млн данамен шығаруды көздеп отырмыз", – деді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.

Оның айтуынша, Атыраудан өндірілген  бетперделер  алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріне сатылымға шығарылмақ. Сапаға қатты мән беретін компания балаларға арналған маскалар да шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу