Атырауда жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылды

154

Кәсіпорын ондаған жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыды.  

Атырауда жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылды Фото: gov.kz

Атырауда жылына 5 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы "Atyrau Chicken" фабрикасы толық өндірістік қуатқа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың қараша айында іске қосылған кәсіпорын бройлер бағытында құс етін өндіреді. Жоба "Солтүстік Қазақстан тәжірибесі" жобасы аясында жүзеге асырылған.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, құс еті импортына тәуелділікті азайту. Фабрикада заманауи технологиялар қолданылып, құсты өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезең ветеринарлық және санитарлық талаптарға сай жүргізіледі.

Кәсіпорын іске қосылғалы бері жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Қазір өндірілген өнім Атырау облысының нарығына және көршілес өңірлерге жеткізіліп жатыр.

Алдағы уақытта фабрика өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін көбейтуді және қайта өңдеу бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу