Атырауда жылыту құралын газ баллонға жалғаған коттедж өртеніп кетті

895

Бұл үйде бұрын да өрт болып, балалар құтқарылған еді.

Атырауда жылыту құралын газ баллонға жалғаған коттедж өртеніп кетті

Атырау қаласы Сүйесінов көшесінде кеше екі қатарлы тұрғын үйден шыққан өрт өшірілді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Аумағы 150 шаршы метр болатын тұрғын жайдағы тілсіз жаудың шығуына жылыту құралын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, яғни, тұрғындардың жылыту құралын газ баллонға жалғап пайдаланғаны себеп болыпты. Соның салдарынан дүмпу болып, үй түгелдей жанып кеткен. 

"Өртті сөндіруге 5 техника мен 24 жеке құрам жұмылдырылды, 5 оқпаннан су берілді. Өрт сағат 21.08  минутта оқшауланып, 22.25 минутта толықтай жойылды" деп хабарлады облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Бір назар аударарлық жай, дәл осы үйде 2017 жылғы 13 маусым күні де өрт болған. Ол кезде өрт сөндірушілер жалынның бетін екі сағатта қайтарып, коттедж жанынан өтіп бара жатқан екі ер адам оның ішінен 2-7 жас аралығындағы төрт баланы алып шыққан болатын. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу