Атыраулық отбасы сәбиіне Зинеден Зидан есімін берді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Баланың туу туралы куәлігінің суреті таяуда әлеуметтік желілерде пайда болды. АХАЖ бөліміндегілер бұл мәліметті растады.
"Шын мәнінде ақпанда осындай бала дүниеге келді. Зидан есімі, Зинеден фамилиясы. Бұл қазақтың есімі, тіпті бұған назар да аудармаппыз", – дейді АХАЖ қызметкерлері.
Баланың туыстары француз ойыншысының жанкүйері болғандықтан, балаға осындай есім бергенін айтады.
Зинедин Зидан – француздың аты аңызға айналған футболшысы. Оның түбі Алжирден, қазір ол "Реал Мадрид" клубының бас бапкері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу