Осы жайтқа байланысты Атырау облысы полиция департаменті түсініктеме беріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде кеңінен тараған мәліметке сай, белгісіз адамдар бірнеше бейіттегі жарты ай бейнесін бүлдірген. Кейбір қабірде белгі мүлде алынып тасталса, басқаларына жартылай зақым келтірілген.
– Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылы маңындағы зираттарды бүлдіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланатын болады, – деп мәлім етті Атырау облысы полиция департаменті.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысы бар адамдарды жедел тауып, жазалауды сұрап жатыр. Көпшілігі әруақтарды олай мазалауға болмайтынын қатаң ескерткен.