Атыраудағы "Береке" ықшамауданында 44 көппәтерлі жаңа үй бой көтеруде

957

Атыраудағы "Береке" ықшамауданында 44 көппәтерлі жаңа үй бой көтеруде

Келер жылы Атырауда бірден төрт мың отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды atpress.kz.

Атырауға жұмыс сапарымен барған "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. "Береке" ықшамауданында салынып жатқан бұл көп пәтерлі 44 жаңа үй келер жылы пайдалануға беріледі.

Олардың 15-і қазірдің өзінде салынып қойған. Сондай-ақ, болашақта осы ауданда 1200 орындық мектеп пен екі балабақша салу мәселесі қарастырылуда дейді жергілікті басшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу