Атыраудағы 1800 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

929

Атыраудағы 1800 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

Қарағанды облысының Шахан қаласындағы жарылыстан соң  Атыраудағы мың сегіз жүз пәтер орталық жылыту жүйесіне қосылатын болды, деп мәлім етті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың Жылыой ауданына жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Сапар барысында аймақ басшысы мəжіліс өткізіп, облыстағы жылу беру маусымының барысын талқылады. Мəжілісте облыс тұрғындарының жеке қазандықтарды қауіпсіздік ережелерін сақтамай пайдаланып отырғаны сөз болды. Мəселен, Жылыой ауданында 1858 пəтер жеке қазандықпен жылытылып отырғаны, бірақ солардың 50-і ғана қауіпсіз екені айтылды. 

Мұндай жауапсыздықтың салдарынан былтыр облыста 41 адам газдан уланып, бір адам қаза болған. Жиында әр аудан өз ерекшеліктеріне қарай мəселені реттеудің жолдарын ұсынды. Жылыой ауданының əкімі Мақсым Ізбасов тұрғындардан ережені сақтауды талап етеміз, болмаса оларды орталық жылу жүйесіне қосамыз десе, Махамбет ауданы əкімдігі бұл мəселені бір топ пəтерге ортақ қазандық орнату арқылы реттейтіндігін айтады. Мəжілісте айтылған тағы бір мəселе тұрғындардың қазандықтарды тексертуден қашатындығы. 

"Атырау қаласындағы Балықшы ықшам ауданында тұрғындардың көбі артық жұмыстан қашып, есіктерін ашпайды. Сол себепті, қазандықтарды толық тексеріп шыға алмай отырмыз", – деді Атырау қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев. 

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қазандықтар мәселесін келесі жылыту маусымына дейін шешуді тапсырды. 

Айта кетейік, қаңтар айының басында автоматтандырылған жылыту қазандығындағы ақауының салдарынан Шахан елді мекені мен Шымкент қаласында ірі апат болып, бірнеше адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу