Атыраудағы әскери техника қозғалысы: министрлік түсініктеме берді

155

Атырау облысында әскери техникалардың қозғалысы түсірілген фото және бейнематериалдар әлеуметтік желілерде таралып, жұртшылық арасында түрлі пікір туғызды. 

 Атыраудағы әскери техника қозғалысы: министрлік түсініктеме берді Фото: Қорғаныс министрлігі

Әсіресе Жылыой ауданында байқалған әскери колонналарға қатысты желі қолданушылары алаңдаушылық білдіріп, оқиғаның мән-жайын талқылаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасап, жағдайдың қалыпты екенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің, оның ішінде теміржол арқылы орын ауыстыруы жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан жауынгерлік даярлық шараларының бір бөлігі болып табылады.

Министрлік өкілдері бұл жұмыстар бөлімшелердің мобильділігін арттыруға, өзара іс-қимылын жетілдіруге және нақты міндеттерді орындауға дайындық деңгейін көтеруге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, маңызды нысандар мен аумақтарды қорғау тетіктері де пысықталып жатыр.

Қорғаныс министрлігі мұндай жаттығулардың Қарулы Күштердің тұрақты тәжірибесінің бір бөлігі екенін және бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу