Атыраудағы аттракционда оқыс оқиға орын алды

701

Оқиға 16 шілде күні сағат 22:30 шамасында болған. Әткеншек тоқтап қалып, балалар құлап қалған. 

Атыраудағы аттракционда оқыс оқиға орын алды

Атырау облысы бойынша ДПД баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді", – делінген ДП хабарламасында.

Айтпақшы, Жастар саябағында орналасқан бұл "Керемет Жағалау" аттракционы бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрып, биыл ғана пайдалануға берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу