Атыраудағы атыс: Күдіктінің қаруы табылды

1582

Атыс салдарынан 3 жігіт қаза тапқан.

Атыраудағы атыс: Күдіктінің қаруы табылды

Атырауда полиция қызметкерлері күдіктінің қаруын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде қаладағы Авангард ықшам ауданында үш адамды атып өлтірген және бір адамды ауыр жаралаған 1993 жылғы күдікті туралы ақпарат кеңінен тараған.

"Тұрғындар күдіктіні ұстаған кезде одан қарудың табылмағанына таңғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыс болған шағын ауданның маңынан жерге көмілген екі тапаншаны тауып тәркіледі. Қарулар сараптамаға жіберілді", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда үш адамды өлтірген күдікті қамауға алынғаны хабарланған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу