Атыраудағы балық зауытының 30 мыңға жуық бекіресі қырылып қалған

2002

Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы желтоқсанның басында басталды. Төрт кәсіпорын тексеріліп, екі қылмыстық іс қозғалды. 

Атыраудағы балық зауытының 30 мыңға жуық бекіресі қырылып қалған

Атыраудағы балық өсіретін шаруашылықта шамамен 30 мыңға жуық бекіре балығы қырылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің кәсіпорынның 176 балық өсіретін шаруашылығында 30 мыңға жуық орыс, сібір бекіресі өсіріліп келген еді. Алғаш рет балықтың қырылу оқиғасы 5-6 желтоқсанда тіркелді. Ол кезде балық өлекселері шамамен 10 мыңдаған болды. Қазіргі кезде барлық бекіре тұқымдас балық қырылып қалды. Біз келген шығындарды есептеу үшін, балық өлекселерін судан сүзіп алып жатырмыз", – деді Луговой балық зауытының басшысы Әміржан Шауданов.

Еске салайық, Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы желтоқсанның басында басталды. Төрт кәсіпорын тексеріліп, екі қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу