Атырау облысында бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған. Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елеп жатқан жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде ол жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.
Жоба 2018 жылы жасақталған. Алайда ол әлі күнге дейін жасалып жатқан көрінеді.