Атыраудағы "Ерік Мостовой" орталық кәріз жүйесіне жеке үйлер қосылады

550

Жиырма жыл бұрын Атырауда салынған "Ерік Мостовой" дренаж арнасы осы күнге дейін өз мақсатында пайдаланылмады. Оның бір себебі - Жайық өзеніндегі судың азаюы.  

Атыраудағы "Ерік Мостовой" орталық кәріз жүйесіне жеке үйлер қосылады Фото: gov.kz

Қазір гидротехникалық ғимараттарды абаттандыру жолдары қарастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

 "Ерік Мостовой" су тасқыны кезінде осы өзеннің арнасын бұруға бағытталған еді. Соңғы онжылдықтарда "Ерік Мостовой" жаңбыр мен қар суының тұндырғысына, ал жазда шыбын-шіркейдің ұясына айналған. Бұдан бөлек бұл жерге тұрмыстық қалдықтар да жиналып тұрады. Мұның бәрі қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.

Облыс әкімдігі дренаж арнасының мәселесін шешіп, оны ел игілігіне пайдалануды көздеп отыр. Жергілікті билік ғалымдармен ақылдаса келе облыс басшылығы арнаны қайтадан қалпына келтіру бойынша жобалық жұмыстарды қолға алуға ниетті.

"Арна түбіне дренаж және кәріздік коммуникациялар, жазғы су құбыры тартылады деп жоспарланып отыр. Бұл жерге веложолақтар және жаяу жүргіншілер жолын салу, көше шамдарын, орындықтар және тағы да басқаларын орнату жоспарланып отыр. Жаңартылған дренаж арнасы коммуналдық мәселелерді шешіп қана қоймай, жер асты суының деңгейін төмендетуге көмектеседі деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.

Жобаның басты артықшылығының бірі - арна есебінен қаладағы кәріз коммуникацияларының ұзындығын ұлғайтуға мүмкіндіктің тууы. Бұл жеке сектордағы үйлердің 70-80% -ін орталық кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу