Атыраудағы ерлер түрмесінде төбелес болып, сотталушы көз жұмды

138

Оқиға 22 наурыз күні болған.

Атыраудағы ерлер түрмесінде төбелес болып, сотталушы көз жұмды  Фото: epp.genproc.gov.ru

Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында болған жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан олардың бірі ауыр дене жарақатын алып, көз жұмған.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу