Атыраудағы газ-химия кешенінің жұмысы тоқтады

499

Жөндеу жұмыстары 25 шілдеге дейін жалғасады.  

Атыраудағы газ-химия кешенінің жұмысы тоқтады Фото: Журнал PETROLEUM

Жөндеуге байланысты Атыраудағы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС біріккен газ-химия кешенінің жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақпаратқа сәйкес, кешеннің 100% жұмыс режиміне шығуын қамтамасыз ету мақсатында жұмысы тоқтатылды.

"Теңіз кен орнынан шикізатты қайта өңдеуге маманданған кәсіпорын жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге маманданған. Өндірістік кешен ішкі нарықта полипропиленге деген қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар құрылыс және медицина салалары, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі үшін полипропиленнен бұйымдар шығаратын шағын және орта кәсіпорындардың қызметіне ықпал етеді. Кәсіпорын америкалық Lummus Technology Inc компаниясының Catofin және Novolen технологияларын қолданады", - делінген хабарламада.

Атыраудағы біріккен газ-химия кешені – еліміздің мұнай-газ-химия саласындағы алғашқы ірі жоба. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу