Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысын бірнеше банк қаржыландырады

861

Жобаға синдикатталған қарыз тартылмақ.

Атыраудағы газ өңдеу зауытының құрылысын бірнеше банк қаржыландырады

Атырау облысындағы Қашаған кенішінің базасында жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт салынатыны көптен бері айтылып жүр. Қазақстанның даму банкі осы жобаны қаржыландыруға қатыспақшы.

"Банк Атыраудағы газды қайта өңдеу зауытын қаржыландыруға қатысу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Қазірге нақты ештеңе айта алмаймыз. Өйткені сараптама жүріп жатыр. Жоба  бірлесіп қаржыландыру және синдикаттық қаржыландыру тәсілдері арқылы іске асады. Яғни бірнеше банк атсалысады, оның ішінде халықаралық институттар да бар. Қазір келіссөздер жүріп жатқандықтан, жобаның жалпы құны белгісіз", – деді банктің басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу