"Атыраудағы халықтың өмір сүру сапасын көтереміз"

1371

Атырау облысын дамытудың кешенді жоспарына жалпы сомасы 8,9 трлн теңге қарастырылып отыр. Жоспар 2021-2025 жылдарға арналған.

"Атыраудағы халықтың өмір сүру сапасын көтереміз"

Жоспар шеңберінде ауданы 400 га индустриялық аймақ құру, терефталь қышқылын өндіру зауытын және көтерме-тарату орталығын салу көзделген.

"Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында 10 ауылда 228,1 км электр желісін салу, 640 км автожолды жөндеу және қайта жаңарту, 13 елді мекенді газбен және сумен қамтамасыз ету, 6 ұңғыманы және "Тайсойған-Миялы" магистральдық су құбырын салу және тағы басқа жобалар іске асырылатын болады", – дейді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Айтуынша, үш ауысымды және апатты мектептерді жою және оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 48 мектеп салынбақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу