Атыраудағы қайғылы оқиға: Мұқанғалиевтер ісі бірнеше баппен тергелуде

90

Қазір қылмыстық іс бір ғана кісі өлтіру емес, бірнеше бап бойынша қаралуда.  

Атыраудағы қайғылы оқиға: Мұқанғалиевтер ісі бірнеше баппен тергелуде Фото: Атырау облысы ПД

Атырау облысында Мұқанғалиевтер отбасына қатысты резонансты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, өңірде арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Іс министрліктің ерекше бақылауына алынған. Тергеу барысында кісі өлтірумен қатар алаяқтық және ұрлық деректері де анықталып, күдіктілерге бірнеше айып тағылған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл іс бойынша негізгі күдіктілер – ер адам және оның бұрынғы жұбайы. Қазір жаңа күдіктілер анықталмаған.

Ал күдікті Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалған. Ол арнайы медициналық мекемеге жатқызылып, стационарлық жағдайда тексеріліп жатыр. Мұндай шешім оның мінез-құлқы мен алғашқы жауаптарына байланысты қабылданған.

Тергеу амалдары жалғасуда, іс бойынша толық мәліметтер кейінірек жариялануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу