Атыраудағы қамыс өрті жойылды

1211

Аймақта аптап ыстықтан өрт қаупі сақталып тұр.

Атыраудағы қамыс өрті жойылды

Атырау облысында 19 мамыр күні басталған Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті өшірілді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Тілсіз жауды өшіруге 10 өрт сөндіру көлігі, қырыққа жуық қызметкер қатысқан. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі "Казавиақұтқару" АҚ-ның Батыс өңірлік филиалының "МИ-8" тікұшағымен әуеден барлау жұмыстарын жүргізіліп тұған. Сондай-ақ, 19-23 мамыр аралығында тікұшақтар 33 рет ұшып, "ВСУ-5" су төгу құрылғысы арқылы әуеден 127 тоннадай су шашқан.

"Жану орнында автокөлік жүретін жолдың жоқтығы, жердің сулы-батпақты болуы, өрт сөндіру автокөлігіне керек су көздерінің алыста орналасуы мен қатты жел салдарынан қамыс бықсып қайта өршіп, жаңа өрт ошақтары пайда болуы өртті сөндіруге қиындық туғызды", - деп түсіндіреді тілсіз жаумен күрестің бірнеше күнге созылғанын облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобынан. 

Қазіргі күні "Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, Атырау облысында күндіз 39 градус қатты ыстық сақталып тұр. Соған байланысты, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті аймақта өрт тұтану қаупінің жоғары екенін ескертіп, аптап ыстықта сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шықпауға шақырып отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу