Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақат салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу