Атыраудағы қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан осы айда қайтарылады

100

Бұл туралы құзырлы орган хабарлады.

Атыраудағы қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан осы айда қайтарылады Фото: jurnalekbis.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атыраудағы отбасының өліміне күдікті ерлі-зайыпты шетелден елге қашан қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жақын арада екі күдікті Индонезия мемлекетінен Қазақстанға жеткізіледі. Сол жұмысты біз белсенді түрде атқарып жатырмыз.  Осы айда алып келеміз. Іздестіруде жүрген екі адам (ред. – марқұмдардың ұлы мен қызы) бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Арнайы тергеу тобы құрылды, Атырау облысында қызмет атқарып жатыр", – деді вице-министр.

Айта кету керек, бұған дейін Атырау облысындағы жоғалған отбасының ісі бойынша марқұмдардың күйеубаласынан бөлек, қызы да күдікке ілінгенін жазғанбыз. Күдіктілер Индонезияда ұсталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу