Атыраудағы Қызылқоға ауданында балық қырылып жатыр

1130

Ойыл өзенінің Көздіқара сағасында өлген балықтар мұз ерігеннен кейін жағаға шыққан.

Атыраудағы Қызылқоға ауданында балық қырылып жатыр

Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Миялы селосында Ойыл өзенінің Көздіқара сағасында өлген балықтар мұз ерігеннен кейін жағаға шыққан. Бұлар кішкентай карась (мөңке) балықтары. Қазір еріктілер тобы құрылды. Жағада балықтарды жинау үстіндеміз", – деді аудан әкімі Арман Баженов.

Сонымен қатар, балықтардың өлексесі зертханаларға жіберіліп, тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу