Атырауда қасапхана жұмысшысы сібір жарасының жеңіл түрін жұқтырған болып шықты

271

Өткен аптада мал базарында өлген сиырдан сібір жарасы анықталған. Ал, жұма күні мал базарында жұмыс істейтін бір адам ауруханаға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырауда қасапхана жұмысшысы сібір жарасының жеңіл түрін жұқтырған болып шықты Фото: canva.com

Сібір жарасының бірнеше формасы болады. Бұл ауру малдан адамға қол мен аяқтың ашық жері арқылы жұғады.

Оның белгілері 14 күн ішінде немесе 5-6 күнде анықталады.

"Аталған ауруды жұқтыру белгісі расталған науқасқа сібір жарасының терілік формасы деген диагноз қойылды. Бұл – жеңіл өтетін форма түрі. Қазір науқастың дене қызуы қалыпты, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу