Атыраудағы Назарбаев мектебі халықаралық аккредитациядан өтті

1026

Атыраудағы Назарбаев мектебі халықаралық аккредитациядан өтті

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі CIS халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясынан сәтті өткендігі жөнінде ресми мәлімдеме алды, деп хабарлайды nis.edu.kz. 

Атырау қаласындағы зияткерлік мектепке халықаралық срапашылар биылғы жылдың 16-22 қыркүйек күндері аралығында келген болатын. CIS командасы оқу орынның менеджментін, мұғалімдердің кәсіби дамуын, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен мектептің жалпы қызметін жан-жақты сараптады.

CIS – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар, ұйым әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан, яғни бұл университеттер аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу