Атыраудағы облыстық ТЖД бұрынғы полиция департаментінің ғимаратына көшеді

373

Іс-шара сала қызметкерлері үшін жағымды жаңалықпен басталды.

Атыраудағы облыстық ТЖД бұрынғы полиция департаментінің ғимаратына көшеді Фото: ТЖД

Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 19 қазан - Құтқарушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы  Inbusiness.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жанабаев және құтқарушы қызметкерлер мен сала ардагерлері қатысты.

Іс-шара сала қызметкерлері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Аймақ басшысының орынбасары облыстық ТЖД басқа ғимаратқа көшетінін хабарлады.

- Азаматтық қорғау қызметкерлерін бүгінгі төл мерекесімен облыс әкімінің атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Төгілген тер, еткен еңбектеріңіз еселене берсін! Атырау облысының әкімдігі жергілікті ТЖД-мен қоян-қолтық қызмет атқаруда. Нәтижесінде биыл лизинг бойынша 30 техника, облыстық бюджеттен 5 техника сатып алынды. Облыс көлемі бойынша 4 модульді өрт сөндіру бөлімдерінің құрылысы жүріп жатыр. Қаламызда орналасқан ТЖД ғимараты ескі екенін білеміз. Осыны ескеріп, Нұрсая ықшам ауданында орналасқан бұрынғы полиция департаментінің ғимаратына, облыстық ТЖД көшіру шешімі шығарылды,- деді Қ.Нұртаев.

Сала қызметкерлерін облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жанабаев та құттықтады. Басты мақсаты азаматтарды құтқаруға бағытталған қызметкерлерге, әр тапсырмадан соң отбасыларына аман-есен оралуларын тіледі.

Айта кетейік, салтанатты шарада адал қызметтері үшін бірқатар құтқарушыларға "Құтқарушы" төс белгісі мен ТЖ министрлігінің, Атырау облысы әкімінің, ТЖД-нің алғыс хаттары табыс етілді. Олардың ішінде, "Ақжайық" резервуатындағы қамыс өртінде антына берік болған қызметкерлер де бар.

Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу