Атыраудағы өрт ауыздықталды

876

Жалпы аумағы 25 шаршы метр болатын аумақта мазут қалдығы өртенген.

Атыраудағы өрт ауыздықталды

Бүгін Атырау қаласындағы бұрынғы химия зауытының аумағында өрт болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

"Сағат 11:24 өртке қарсы қызмет пультіне Қабдолов көшесіндегі химия зауытында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Жалпы аумағы 25 шаршы метр болатын аумақта мазут қалдығы өртеніп кетті. Сағат 14:32-де сөндірілген өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ",– деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД-ден 42 адам және 10 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу