Атыраудағы орталық мұз айдынында балалар айына екі рет тегін сырғанайды

3349

Атыраудағы орталық мұз айдынында балалар айына екі рет тегін сырғанайды

Атырауда қысқы спорт түрлері айтарлықтай дамымаған. Елімізде өтіп жатқан Универсиадаға 600 мыңнан астам халқы бар облыстан 3-ақ адам қатысып жатқаны осыған дәлел. Оның өзі сырттан шақырылған легионерлер. Осы кемшілікті жою үшін бірқатар шара қолға алына бастады. Бұған спорт саласының кәсіби мамандары ғана емес қоғамдық ұйымдарда атсалыспақ ниетте, деп жазады 24Хабар.

Осы мақсатта орталық мұз айдыны айына екі рет балаларға тегін берілетін болды. Мұнда жаттықтырушылар оларды коньки тебуге, мәнерлеп сырғанау шеберлігіне және хоккей ойнауға үйретеді. Ұйымдастырушылар алдағы жылдары мұнайлы өлкеден де ел намысын қорғайтын спортшылар шығады деген үмітте.

"Бүгін енді жастарды мұз айдынына шақырғанбыз. Ертеңгі жастар біздің болашағымыз. Қысқы спортқа көңіл аударып жатырмыз. Ертең мына балалардан біздер чемпион шығады деп үміттенеміз. Сол чемпиондар болашақта Қазақстанның туын қорғайды", – дейді игі істі ұйымдастырушы Ерболат Дәулетқазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу