Атыраудағы өрттен бір адам көз жұмды

839

Қайтыс болған жүргізушіден басқа станса қызметкері мен екі өрт сөндіруші қазір ауруханада. 

Атыраудағы өрттен бір адам көз жұмды

Атырау жанар-жағармай стансасында болған өртте денесінің 90 пайызын күйік шалған газбен жабдықтау көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Белгілі болғандай, марқұм – Құрманғазы ауданының 34 жастағы азаматы, Атырау қаласында үй жалдап тұрады екен. Төрт баласы бар, әйелінің бесіншісіне аяғы ауыр.

Еске сала кетейік, Атырауда 5 маусым күні таңертең "Prom Gaz BP" ЖШС-ына қарасты жанар-жағармай стансасында болған төрт адам жарақат алған болатын. Қайтыс болған жүргізушіден басқа станса қызметкері мен екі өрт сөндіруші қазір ауруханада.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу