Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, қызыл жалыннан 20 шақты үйі бар Құрсай ауылының жұрты зардап шеккен.
Тұрғындардың қора-сарайлары, жылыжайлары, құрылыс материалдары мен бау-бақшалары өртеніп кеткен. 80-нен астам гектар өрт сөндірілді,- деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жалынмен күреске 70-тен астам адам және 20 шақты техника жұмылдырылған. Ал кеше кешкі 5-тен бастап "Қазавиақұтқару"-дың су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы әуеден 14 рет су төккен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу