Атыраудағы Перинаталдық орталықтың экс-басшысы жемқорлықпен айналысқан

1114

Ол қомақты қаржы жымқырды деген күдік бар.  

Атыраудағы Перинаталдық орталықтың экс-басшысы жемқорлықпен айналысқан

Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан басылымы хабарлады. Бұл мекемеде бұрын ондаған нәрестенің өлімі тіркелген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің дерегінше, ол қызметкерлеріне сыйақы, ынталандыру сыйлығы және ақылы қызметтер жасағаны үшін қосымша ақы ретінде 6 млн 978 мың теңгені негізсіз артық көлемде аудартып, бір қызметкері арқылы сол соманы қайта жинап алған. Сондай-ақ орталықтың бұрынғы басшысы "КАЗГЮУ Университеті" АҚ "Mini Master of Business Administration" бағдарламасы бойынша "Әкімшілік істер магистрі" мамандығында өзінің оқуы үшін 1,8 млн теңгеге келісімшарт жасасқан. Оқу шығыны үшін демеушілік, қайырымдылық көмектер есебінен аударылған қаражатты талан-таражға салу жолымен иемденген.

Тағы бір жайт, неонтология дәрігерінің Португалия елінде кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасып келуіне 1,49 млн теңге бөлінген көрінеді. Бірақ ол неотологты іссапарға жібермей, оның орнына өзі шет елге барып қайтқан.

"Облыстық перинаталдық орталығы басшысының лауазымы конкурсына қатысқан кезде оның еңбек өтілі небәрі 4 жыл 10 ай 24 күн болған. Негізі, бұл лауазымға келуі үшін еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс еді", — деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу