Атыраудағы Сағыз ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

1498

Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясы ішімен өтетін Ноғайты өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылындағы үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы Сағыз ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, колледж бен мектепке орналастырылып жатыр.

Азаматтарды қауіпсіз орындарға көшіру сондай-ақ суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер, өзге де мекеме қызметкерлері бар барлығы екі жүздей адам, ондаған техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу