Атыраудағы шекараға жақын Ақкөл ауылы карантинге жабылды

1052

Бұған дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында коронавирус дертін жұқтырған бес адам анықталып, бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.  

Атыраудағы шекараға жақын Ақкөл ауылы карантинге жабылды

Қазіргі күні ауылдан 19 адамның СOVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталып, елді мекен түгел карантинге жабылды. Әзірге Ақкөл ауданның бас санитарлық дәрігері Карл Отаровтың қаулысымен 18 маусымға дейін жабылып отыр.  

Аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұдан былай ауыл аймағынан кіріп-шығуға тиым салынған. ҚР ҚҚК Шекара қызметіне Ақкөл стансасынан пойыздардың есігін ашпай өту жөнінде тапсырылған. Дүкендер мен кафелер азық-түлік пен тағамдарды үйге шақыртумен ғана жеткізеді.

Ақкөл селосында 5 мыңға жуық адам тұрады, ондағы дерттің таралып кетуінің бір себебі – шекара аумағында орналасқандықтан делініп отыр. Себебі, ауыл Ресей Федерациясының Астрахан облысымен, атап айтқанда, ондағы Ақсарай стансасымен шектеседі, тұрғындар күнделікті қажеттіліктермен көрші елге жиі қатынайды.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу