Атыраудағы "Теңіз" кен орнында жер сілкінісі тіркелді

167

Бүгін Атырау облысындағы "Теңіз" кен орнында жерасты дүмпуі болғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атыраудағы "Теңіз" кен орнында жер сілкінісі тіркелді Фото: aa.com

Кейбір БАҚ пен телеграм арналардағы ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісі бүгін, 11 мамырда сағат 11:44 шамасында болған. 

Жерасты дүмпуінің тереңдігі – бар болғаны10 метр, дегенмен магнитудасы – 4,2. "Теңіз" кен орнындағы жер сілкінісі 5 секундқа созылған. 

Көп ұзамай "Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі жер сілкінісі болғанын растады. 

"Теңізшевройл" 2025 жылғы 11 мамырда "Теңіз" кен орнында сейсмикалық оқиғаның тіркелгенін растайды. Бұл оқиға персонал мен өндіріс қызметіне әсер еткен жоқ", – деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

"Теңіз" – Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан ірі кен орны. Мұнда 1976 жылы 24 маусымда №1 ұңғыманы бұрғылауды басталған. Үш жылдан соң кен орнына сынақ жүргізілген.

Қазір кен орнын "Теңізшевройл" компаниясы игеруде. Бұл компания 1993 жылғы 6 сәуірде құрылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу