Атыраудағы тозығы жеткен үйлер сүріледі

975

Атыраудағы тозығы жеткен үйлер сүріледі

Қазіргі таңда Атырауда 27 тозығы жеткен және 23 апатты күйде тұрған үй бар. Өткен жылы апатты жағдайдағы үйлер мен жатақханаларда тұратын екі жүзден астам тұрғын жаңа баспанаға көшірілген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиевтің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы апатты жағдайда тұрған тағы төрт үйді күреу жоспарланған. Олардың қатарында Жарбосынов, 89, Верхний өткелі-1, 3, Бейбітшілік, 64 мекенжайындағы үйлер бар.

Бұдан бөлек, үш жатақхана сүріледі. Олар, Досмұхамбетов, 15, Құнанбаев, 13 және Гагарин, 124 мекен-жайында орналасқан.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу