Атыраудағы түрмеден шу шықты

776

Атыраудағы УГ-157/1 түзету мекемесінде бүгін тергеу изоляторына қамалған жазасын өтеушілер терезеден қанға боялған киімдерін "құтқарыңдар, көмектесіңдер!" деп айқайға басқан.

Атыраудағы түрмеден шу шықты

Оқиға орнына көп ұзамай түрмеде жатқан адамдардың туыс-туғандары жиналып, олардың біреуі жедел жәрдем шақырып та үлгерді. Олар оқшаулау мекемесінде қамалғандарды ұрып-соғып, күш көрсететінін, сотталған жақын-жуықтарының үнемі шағымданатынын айтады.

Шу шыққан жерге қылмыстық атқару жүйесі департаменті, прокуратура, басқа да құзырлы мекемелердің өкілдері келіп, көпшілікке мән-жайды түсіндіруге тырысты.

"Жазасын өтеушілердің ішінде бесеуі тәртіп бұзып, оларды тәртіп изоляторына қамаған. Олар сол үшін шу шығарып отыр. Ешқандай зорлық-зомбылық болған жоқ" – деп сендіреді Атырау облыстық прокуратура басқармасының бастығы Сәкен Жандырбаев.

Бұдан кейін құзырлы орган қызметкерлері сол жерде азаматтарды жеке қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады. "Жәбір көрдік" деп дау-дамай туғызған сотталушылардың денсаулығына байланысты арнайы сараптама тағайындалды.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу