Атыраудағы "Учаске" шарасы қаңғыбас балаларды анықтауда

1027

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 43 жасөспірім орналастырылған.  

Атыраудағы "Учаске" шарасы қаңғыбас балаларды анықтауда

Шымкентте тұратын он алты жасар бала "INDRIVER" таксиімен өз бетінше Атырау қаласына келіпті. Ондағы ойы – мұнайлы астананы аралап көру екен. Алайда, "Учаске" іс-шарасы кезінде жас "саяхатшыны"  көше кезін жүрген кезінен тапқан полиция қызметкерлері оны кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған. Қазір баланың  ата-анасын немесе заңды өкілдері анықталып жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 43 жасөспірім орналастырылған. Олардың ішінде 24 бала әке-шешесінің қадағалауынсыз түнгі уақытта жүрген, тағы екі баланың   анасының төлқұжаты мен тұрақты мекен-жайы болмаған, алты баланың ата-анасы оның тәрбиесімен мүлдем айналыспаған, үш баланың анасы ащы суға бейім, бір баланың анасы нашақорлықтан емделуде, төрт балақанды үйде ұрып-соғатын болған. Бұл айтылғандардан бөлек, бір баладан  қорғаншысы, тағы бір баладан тәрбиелей алмайтынын айтып ата-анасы жазбаша бас тартыпты.  

Сондай-ақ, Индер ауданынан 49 және 42 жастағы ерлі-зайыптыларды ата-аналық құқығынан шектеу туралы ювеналды полиция ұсынысы қанағаттандырылып, комиссия мүшелері бірауыздан қол қойған құжат сотқа жолданған. Индер аудандық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясы баяндағандай, бұл кісілерге осымен төрт рет ескерту жасалған. Соңғы рет олар 2008 жылы туған балаларын бір аптаға таныстарының үйіне қалдырып, өздері басқа жаққа қыдырып кеткен. Сот шешімі шыққан жағдайда, олардың балаға қатысты құқықтары алты айға дейін шектеледі.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу