Атырау қаласындағы жаңадан салынған Оқушылар сарайына Абай есімі берілуі мүмкін. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, бірауыздан мақұлданды. Сол сияқты, бұған дейін де айтылып жүргендей, сарайдың алдына Абай ескерткішін орнату мәселесі қарастырылмақ.
Дегенмен, облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменованың айтуынша, соңғы шешім республикалық ономастикалық комиссияның қарауынан кейін белгілі болады.
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының атын иелену үшін оқушылар сарайының таңдалуы бекер емес. Барлығы 18 мың шаршы метр аумақты алып жатқан еңселі ғимаратта қаладағы барлық мектептің оқушысы шығармашылық, білім-ғылым, спорт бағытындағы үйірмелерге қатысады.
Қазіргі кезде Атырау облысында Абайдың есімімен аталатын 5 мектеп пен 28 көше бар.
Құралай Қуатова