Атыраудағы жекеменшік балабақшада 3 жасар қыздың саусағы жұлынып кетті

845

Қыздың ата-анасына медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін хабар берген.

Атыраудағы жекеменшік балабақшада 3 жасар қыздың саусағы жұлынып кетті Фото: Ашық дереккөзден

Атырау қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 3 жасар қыздың саусағы жұлынып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Баланың қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз. Оның ата-анасы полицияға балабақша әкімшілігі тарапына шағым жазды. Бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына тәрбиешілер жеткізген.

Оның ата-анасына медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін хабар берген. Жазатайым оқиға түске дейін болған.

"Бала ауруханаға сағат 11:20 шамасында жеткізіліп, дәрігерлер көмек көрсеткен. Оған "тырнақ пластинасының зақымдануы мен қолдың ашық саусақ жарасы" деген диагноз қойылған. Саусақтарының рентгенографиясы жасалып, жара хирургиялық жолмен емделіп, таңылып, инфильтративті анестезия жасалған. Салдарынан сол қолдың төртінші саусағы жыртылған", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Медициналық ем-дом жасалған соң, бүлдіршін үйіне қайтарылған.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабына сәйкес, яғни балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу