Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев ұшақ бортында есінен танып қалған жолаушыны құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Оқиға 9 шілдеге қараған түні болған. Атыраудан Астанаға бағыт алған рейсте төтенше жағдай болды. Ұшақтың аспанға көтерілгеніне шамамен бір сағат өткенде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінді. Егде жастағы әйел кейін есінен танып қалған.
Ұшақ ішінде болған Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен алматылық дәрігер көмекке келді.
Олар жолаушыға уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу