Атырауда бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр

386

13 маусымда ағайынды екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен болатын

Атырауда бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр Фото: Ак Жайык

Атырау облысында бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 16 және 15 жастағы ұл балалар жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткен. Олар немере ағайындылар болған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 13 маусымда кешке Геолог ауылында Жайық өзеніне екі жасөспірімнің батып кеткенін хабарлаған болатын. Сол кезде құтқарушылар балалардың денесін дереу іздеуге кіріскен. 

"Кейінірек суға батып кеткен бір баланың денесі табылғаны белгілі болды. Екінші жасөспірімнің денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ведомствода іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін атап өтті", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу