"Атырау–Нұр-Сұлтан рейсін орындау кезінде көкке көтеріліп бара жатқан әуе кемесі топтасып ұшқан құстарға соғылған (болжам бойынша үйректер мен қаздар). Әуе кемесінің командирі Иван Карпович штаттық режимде ұшақты ұшып шыққан портқа қайтару туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде әуежайға келіп қонды", – деді SCAT әуе компаниясы ҚазАқпарат тілшісіне.
Осылайша кеше кешкі сағат 22.05-те ұшып шыққан ұшақ 22.17-де қайта қонған. Ұшақта 115 адам болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу