Атыраудан Құрманғазы ауданына пойыз қатынайтын болды

1089

Атырауда бүгін "Атырау-Дина Нұрпейісова стансасы" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы алғашқы сапарын бастады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.    

Атыраудан Құрманғазы ауданына пойыз қатынайтын болды

Ол әзірге үш вагонмен жолаушы тасымалдамақ  Атырау қаласынан шалғай орналасқан Құрманғазы ауданына қатынаудың мұңға айналғаны жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз. Карантинге байланысты Астраханға қатынайтын пойыздың тоқтап, Атырау-Астрахан трассасында күрделі жөндеу жұмысының басталуы екі ортадағы қатынасты ушықтырып жіберген. Көпшілік уәде етілген пойызды асыға күтіп жүрген еді.

Айта кетейік, "Атырау – Аққыстау – Құрмангазы –Дина Нұрпейісова стансасы" бағытындағы №№631-632 жолаушылар пойызы бойынша жарияланған тендер жеңімпазы болып "Otpan Logistic" ЖШС анықталған. Келісім-шарт бойынша тасымалдаушы компания бұл бағытты бес жыл бойына қамтамасыз етуді мойнына алып отыр.

"Қазіргі таңда жолаушыларды тасуға толықтай дайынбыз. Әзірге үш вагонмен қызмет көрсетіледі, алдағы уақытта халықтан сұраныс болып жатса, тағы да вагондар санын көбейтуге мүмкіндік бар. Сол сияқты, келешекте халықтың ұсынысы бойынша пойыздың жүру уақытын да өзгерте аламыз", - дейді "Otpan Logistic" ЖШС-нің Маңғыстау учаскесі бойынша бастығының орынбасары Базарбай Жолдасов.

Жолаушылар пойызында бір плацкарт, екі жалпы вагон бар. Оның екі стансасының аралығына барып, қайтып келуі 12 сағат уақыт алады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу