Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды

819

Атыраудан Қызылорда қаласына билет құны 6999 теңгеден, Орал қаласына 4999 теңгеден басталады.

Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды

Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін "FlyArystan" əуе компаниясы шілдеде Атырау қаласынан Алматы, Ақтау, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына рейс ашқан еді. Енді кеше Қызылорда мен Орал қалаларына алғашқы рейс орындалды.

"Атырау-Қызылорда" бағытындағы рейс аптасына екі рет қатынайды. Дүйсенбі, жұма күндері "Атырау-Қызылорда", ал, сəрсенбі, жұма, жексенбі күндері "Атырау-Орал" бағытында рейстер ұшады. 180 орындық "Airbus-320" ұшақтарында қауіпсіздік мəселесіне баса назар аударылады", - дейді "FlyArystan" əуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Лəззат Нәбиева.

Оның айтуынша, Атыраудан Қызылорда қаласына билет құны 6999 теңгеден, Орал қаласына 4999 теңгеден басталады. Сондай-ақ, 29 тамызда Қарағандыға, ал, 1 қыркүйекте Қостанайға әуе рейстері ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу