Атыраудан осыдан 2200 жыл бұрын жерленген адамдардың қаңқасы табылды

977

Атыраудан осыдан 2200 жыл бұрын жерленген адамдардың қаңқасы табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының солтүстігіне қарай 8 шақырым жердегі алып қорғандарға археологиялық қазба жұмысын жүргізген атыраулық студенттер осыдан 2200 жыл бұрын жерленген адамдардың қаңқасын тапты. Сонымен бірге, сол кездің өнері мен мәдениетін сипаттайтын жәдігерлердің куәсі болды, деп хабарлайды atpress.kz.
Қазба жұмыстарына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 10 студенті мен "Жасыл ел" еңбек жасағының мүшелері де қатысқан болатын. Археологиялық топтың жетекшісі тарихшы, археолог Марат Қасеновтің зерттеуіне сүйенсек, қазіргі Қарабау маңында бүкіл тайпа бойынша сарматтардың ғибадатханасы болған. Мешіттің диаметрі 120 метр, биіктігі 3 метрге жеткен деседі. Мұндай ғибадатхана Еуразия кеңістігінде басқа еш жерде болмаған.  

"Біздер диаметрі 50, биіктігі 1,5 метр болатын екі қорғанды қаздық. Топырағын алып, бір жарым метр төменге түскен кезде екі адамның сақталған қаңқасы шықты. Бірі әйел, екіншісі ер адам. Екеуі бір обаға қатар жерленген екен. Әйелдің мойнынан алтын фольгалар, асыл тастар мен аяқ жағынан жүзге жуық моншақ таптық. Моншақтар әйелдің аяқ киіміне тігілген болса керек. Олар әзірге толық тазаланды деп айтуға болмайды. Өйткені, бар-жоғы 10 күннің ішінде 10 студентпен айтарлықтай үлкен қазба жұмысын жүргізу қиынға соқты", - дейді  М. Қасенов.  

Ал екінші обадан шыққан әйел адамның қаңқасы ол сол ортаның басшысы немесе патшасы болса керек деп топшылайды тарихшы. Ол тоналған болып шыққан.

"Одан бізге қалғаны қол айна, құмыра, темірден жасалған кездік болды. Бұл Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уиверситеті ректорының тікелей қаржыландыруымен атқарылған жұмыстар. Университеттің тарихшы студенттері 10 жыл бойына оқу-тәжірибе кезінде осындай қазба жұмыстарына жұмылдырылады. Бүгінгі және бұған дейінгі тапқан жәдігерлердің барлығы университет мұражайында сақталады", - дейді. 

Қасеновтің айтуынша, биыл жаз айының соңында Сарайшықтағы жаға бекіту жұмыстары толық аяқталысымен, 100 адамнан тұратын жұмысшы топ ежелгі қазба жұмыстарын жүргізеді. Сарайшықты игеру жұмыстарына Атырау облысының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу