Атыраудан Шымкентке рейс ашылмақ

504

Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады.  

Атыраудан Шымкентке рейс  ашылмақ

Жуырда Атыраудан Шымкентке рейс ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бірінші кезекте "Атырау-Шымкент" және "Шымкент-Атырау" рейстері іске қосылмақ. Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады. 

Айта кетейік, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ облыс тұрғындарын қолжетімді авиабилеттермен қамтамасыз ету мақсатында FlyArystan авиакомпаниясымен келіссөздерді бастаған болатын.

Тараптар келісімді талқылап, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейстерін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда. 
 
Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу