Атырауды тағы жағымсыз иіс жайлады (видео)

939

АМӨЗ оған қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр.

Атырауды тағы жағымсыз иіс жайлады (видео)

Атырауда соңғы күндері ауада тағы да жағымсыз иіс тарады. Ол, әсіресе, кешқұрым және түн мезгілінде күшейіп тұр. Тұрғындар мұны әдеттегідей қалада орналасқан мұнай және газ өңдеу зауытымен байланыстыруда. Тұрғындар түсіріп алған видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісе бастады.

Бірақ АМӨЗ ЖШС бұған қатысымыз жоқ деп отыр.

"2020 жылғы 17-18 қазанда зауыт қондырғылары технологиялық режимде жұмыс жасағандығын және әлі де режиммен қызметін жалғастырып жатқандығын және авариялық жағдайлардың туындамағандығын хабарлаймыз. Технологияға сәйкес каталитикалық крекинг қондырғысы жану өнімдерінің атмосфераға енуіне жол бермейтін заманауи ВELCO (американдық технология) түтін газын тазарту жүйесімен жабдықталған. Сол арқылы қоршаған орта температурасының төмендеуіне байланысты түтін құбырларынан жылу ізі көрінеді, сол арқылы ауаға ластаушы заттардың асып кетуіне жол берілмейді",– дейді хабарлады АМӨЗ ЖШС қоғаммен байланыс қызметінен.

Алайда 15-16 қазан күні "Қазгидромет" мекемесінің интерактивті картасында ауада күкіртсутегі бөлшектердің шамадан тыс артып кеткенін көрсеткен. Ал облыстық экология департаменті ауадағы жағымсыз иісті жақында бес күн бойына жанып, әрең өшірілген қамыс өртінің салдарымен байланыстырып отыр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу