Атырауда заңды тұлғалар үшін жылу бағасы өсті

953

Кәсіпкерлер қыс кезінде жылудан бас тартуға мәжбүр болуда.

Атырауда заңды тұлғалар үшін жылу бағасы өсті

Атырау облысында заңды тұлғалар үшін жылу тарифі биылдан бастап аяқ астынан күрт өсті. Ешқандай ескерту жасамастан үлкен сомаларды төлеуді талап еткен монополистердің әрекетіне шағымданған бизнес иелері облыстық кәсіпкерлер палатасына шағымданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

Мәселеге орай өткен дөңгелек үстел барысында "Атырау жылу электр орталығы" АҚ директоры Мақсат Әленовтің сөзінен белгілі болғандай, заңды тұлғалар үшін 21021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 пайызға өскен. Ал ақпан айынан бастап бюджеттік мекемелер жылу үшін өткен жылғыдан 42 пайыз артық төлемек екен. Мұның себебі газ тасымалдайтын "Интергаз Центральная Азия" компаниясының тарифті бірден екі есеге өсіргенімен түсіндірілді.

Осылайша, "жығылған үстіне жұдырық" деп онсыз да пандемиядан зардап шегіп отырған кәсіпкерлер қыстың бел ортасында жылу үшін шығындалуға мәжбүр болып отыр. "Былтыр қарашада 153 шаршы метр үшін 66 942 теңге, желтоқсанда 148 117 теңге, ал қаңтарда 360 447 теңге төледім", - деген кәсіпкер Нұрболат Намазғалиев жылудан мүлдем ажырату жөнінде өтініш жазып тастаған. Олай етпеген жағдайда, бизнесін жабуға тура келеді екен.   

Монополистер өз кезегінде бұл жөнінде қоғамдық тыңдау өткізіп, өздерінің сайты мен жергілікті басылымдарға хабарландыру бергенін айтып ақталуда. Алайда, тұрғындар да, кәсіпкерлер де бұл жайдан хабарсыз қалған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу