Атыраудың әлеуеті артып келеді

1430

Атыраудың әлеуеті артып келеді

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы артып келеді. Өткен жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде  облыстың жалпы өңірлік өнімі 2 382, 4 млрд теңгеге жеткен. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша Әбежан бірқатар деректерді келтірді. Мысалы, былтыр мемлекет қазынасына 638,6 млрд теңге кіріс түскен, яғни болжам 108,4 пайызға орындалды. Ұлттық қорға 439,8 млрд теңге аударылды.

"Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6 трлн теңге болды. Еліміздің өнеркәсібі  көлеміндегі Атырау облысының үлесі 23,9 пайыз. Өткен жылы өңірде 27,1 млн тонна мұнай, 12,5 текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Ал негізгі капиталға инвестиция 2015 жылмен салыстырғанда 44,4 пайызға артты",- деді Н.Әбежан.

Мұнайлы аймақтағы шағын және орта бизнес саласында серпін бар. Қазір Атырауда 46 912 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Осы салада 125,3 мың адам қызметпен қамтылыпты. Ал өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 392,4 млрд теңге болған.

Ауыл шаруашылығы саласында Атырау облысы соңғы жылдары жаңа жобалармен толығып келеді. Жалпы өнім көлемі Мақат ауданында ғана төмендеп отыр. Облыс орталығы мен басқа аудандарда ауыл шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мәліметінше, құрылыс жұмыстарында Атырау қаласы мен Жылыой ауданында ғана едәуір қарқын бар. Басқа аудандарда бұл салада әзірге өсім байқалмайды екен. Өткен жылы облыс орталығында 243 885 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Былтыр Атырау қаласының бас жоспары жасақталды. Жаңа ықшам аудандарға жарық желілері тартылды. Қалашілік жолдар жаңғыртылды. Өз бетімен ағатын кәріз жүйелері жүргізілді, Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу