Атыраудың аудандарында да полигон проблемаға айналған

1100

Мақат ауданында бітпеген полигонды қоқыс-қалдыққа толтырған.

Атыраудың аудандарында да полигон проблемаға айналған

Атырау облысы Мақат ауданындағы Мақат, Доссор ауылдарының тұрғындары үшін тұрмыстық қалдықтарды жою проблемасы бас аурына айналған. Бұрынғы қалдық полигоны қоршалмаған, соның салдарынан оны өртеген кезде түтін ауылға ұшып, кейде жағымсыз исі жетіп, тұрғындардың қолқасын қабады. Ал екі елдімекеннің ортасынан салынып жатқан жаңа полигон әлі бітпеген. Соған қарамастан оған да ешқандай рұқсатсыз қоқыс-қалдықтар төгіп кетуде. Мәселенің мән-жайымен танысу үшін ауданға облыстық экология департаментінің бастығы Әлібек Бекмұхаметов барды.

Мекеменің тексеру қорытындысымен ауданның тұрғын үй колммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының үстінен тиесілі қызметін өз деңгейінде атқармағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, 83 340 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ департамент Атырау облысының мамандандырылған экономикалық сотына Мақат ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою нысанының құрылысы бітіп, міндетті экономикалық сараптамадан өткенге дейін қоршаған ортаға эмиссия жүргізуге рұқсат бермеу туралы талап-арыз берді. Ол бойынша әлі шешім шығарылған жоқ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу