Бүгін, 5 маусымнан бастап Атырау қаласының бірнеше шағынауданында ыстық су беру 5 күнге тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Атырау жылу жүйелері" АҚ 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында күрделі жөндеудің жоспарлы кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты кейбір мекен-жайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады", деп хабарлады баспасөз қызметі.
Атырау қаласындағы үш жылу беру пунктінде тексеру жүргізіледі. Сол себептен, мұнайлы шаһардағы СМП-136 шағын ауданындағы 9, Вокзал маңы-5 шағын ауданында 29, М.Баймұханов көшесінде 18, Берғалиев көшесінде орналасқан 5, Огородная көшесіндегі 16 тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді.